Шахмат және тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс

10.11.2021

Облыстық «Сұңқар» спартакиадасының аясында 2021 жылдың 3-4 қараша күндері шахмат және тоғызқұмалақ жарыстары өтті.

Шараның мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау.

Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысы колледждерінің 9 командасы қатысып, тартысты күресте СҚКПК командасы жалпыкомандалық есепте екі қола медальді жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша жеке біріншілікте: шахматтан 35 топ студенті Ержанов Ербақыт -1 орын; 35 топ студенті Сапарова Анела тоғыз-малақтан 2 орынды иеленді.

Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да спортта табыс тілейміз.



Текст
Виртуальная приемная